Экономика

Аграршылар 26 мыңнан астам электрондық су келісімшарттарын рәсімдеді

Жыл басынан бері Су ресурстары және ирригация министрлігі фермерлермен су беру келісімшарттарын электрондық форматқа көшіруде.

4 маусым 2026 · 03:20·Оқу: 1 мин

Аграршылар 26 мыңнан астам электрондық су келісімшарттарын рәсімдеді
Фото: TR Kazakhstan редакциясы
TR Kazakhstan редакциясыТілші·4 маусым 2026

«Қазсушар» РМК аграршылармен 26 527 электрондық келісімшартқа қол қойды.

Ең көп келісімшарт Түркістан филиалында рәсімделген — 10 568. Жетісу облысы бойынша филиалға 7 633 келісімшарт, Жамбыл филиалына — 3 480, «Д. Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналы» филиалына — 2 553 келісімшарт тиесілі.

Қызылорда облысында 979, Шығыс Қазақстан облысында 744, Абай облысында 440, Батыс Қазақстан облысында 56, Қарағанды облысында 33 келісімшарт жасалды. «К. Сәтбаев атындағы канал» филиалы 41 электрондық келісімшартқа қол қойды.

Бұған дейін елдің бес өңірі үшін су тұтыну лимиттері белгіленген.

Пікірлер