Астананың басты көрнекті орны — Бәйтерек. Ол 2002 жылы ашылды және бұл Астана өміріндегі жаңа кезеңнің басы болды. Монумент 3 деңгейге бөлінген: біріншісі 4,5 метр тереңдікте орналасқан, онда кафе, аквариумдар және «Бәйтерек» шағын галереясы бар. Бәйтерек өзінің құрылысы бойынша бірегей, оның биіктігі 97 метр, бұл жаңа астана жарияланған 1997 жылды бейнелейді. Мұнараның құрылымы 1000 тоннадан астам салмақ тартады және 500 қадаға орнатылған. Ал ең жоғарғы жағында диаметрі 22 метр, салмағы 300 тонна болатын үлкен шыны шар орналасқан. Мұнараның жалпы биіктігі 105 метрді құрайды. Шарға бару үшін лифтпен 86 метр биіктікке көтерілу қажет. Мұнда бар мен панорамалық зал орналасқан, ортасында ағаш глобус пен Н.Назарбаев президенттің алақанының таңбасы қойылған. Бәйтеректен бүкіл қаланы көруге болады, бұл Астанаға алғаш рет келген туристерді қуантады.
Экономика
Бәйтерек — елорданың нышаны
Астананың басты көрікті жері — Бәйтерек. Ол 2002 жылы ашылды және бұл Астана өміріндегі жаңа кезеңнің бастауы болды. Монумент 3 деңгейге бөлінген:…
27 тамыз 2014 · 13:42·Оқу: 3 мин
TR Kazakhstan редакциясыТілші·27 тамыз 2014