Экономика

Биржада доллар 474,47 теңгеге дейін арзандады

Күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 474,47 теңгені құрады.

2 шілде 2026 · 13:00·Оқу: 1 мин

Биржада доллар 474,47 теңгеге дейін арзандады
Фото: TR Kazakhstan редакциясы
TR Kazakhstan редакциясыТілші·2 шілде 2026

Бұл алдыңғы мәннен 4,76 теңгеге төмен. Ұлттық банктің 2 шілдедегі ресми бағамы 479,26 теңге деңгейінде белгіленді.

Астанадағы айырбастау пункттерінде долларды орташа есеппен 472,89 теңгеден сатып алады, ал 479,89 теңгеден сатады. Еуроны сатып алуға 541,77 теңгеден, сатуға 552,00 теңгеден ұсынады. Рубль 5,70–6,00 теңге аралығында сатылады.

Алматыда американдық валютаны 474,86 теңгеден қабылдап, 477,23 теңгеден береді. Еуроны 540,82 теңгеге сатып алады және 546,81 теңгеге сатады. Рубль 5,87–6,01 теңге тұрады.

Шымкентте долларды 475,55 теңгеден сатып алады және 477,96 теңгеден сатады. Еуро 541,21–547,61 теңге шегінде, рубль — 5,83–5,95 теңге.

Пікірлер