Кездесуде инфрақұрылымды салу және жаңғырту, цифрландыру, жасанды интеллект салаларындағы жобалар, сондай-ақ бизнесті қолдау және қаржы секторын дамыту қаралды.
Олжас Бектенов банктің елдің инвестициялық климатын жақсартуға қосқан үлесін атап өтті. Жұмыс жылдарында ЕБРР-дің Қазақстандағы портфелі шағын және орта бизнесте, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықта, энергетикада, ауыл шаруашылығында және IT-де 12,7 млрд доллар сомасына 354 жобаны қамтиды.
Одиль Рено-Бассо биылғы жылы қаржыландыру көлемі 800 млн евродан асып кеткенін хабарлады. Жыл қорытындысы бойынша банк Қазақстан экономикасына инвестициялардың жалпы сомасын 1,3 млрд евродан жоғары деңгейге жеткізуді жоспарлап отыр.
Тараптар бірлескен жұмысты жалғастыруға және жаңа жобаларды іске қосуға дайын екендіктерін растады.
Басқа кездесулер
38-ші пленарлық отырыс аясында Шетелдік инвесторлар кеңесінің Олжас Бектенов ExxonMobil және Marubeni Corporation өкілдерімен де кездесті. Энергетикадағы ағымдағы жобалар және технологиялық даму мәселелері талқыланды.