Қысқарту 9 мың тоннаны құрады. Нысанда газ қабылдау да азайтылды.
Мәлімдеме Парламент палаталарының бірлескен отырысының кулуарларында айтылды. Бұл ретте ел ішіндегі газбен қамтамасыз ету өзгеріссіз қалды.
Газ жеткізу бойынша барлық міндеттемелер толық көлемде орындалып жатыр, деп атап өтті Ақкенженов.
Бұған дейін ҚР Энергетика министрлігі Орынбор ГПЗ-дағы жағдайға түсініктеме берген болатын.