Жүйе су саласының орталық цифрлық платформасына айналады. Онда су объектілері, су қоймалары, каналдар, гидротехникалық құрылыстар, жер асты сулары және су пайдаланушылар туралы деректер жиналады. Платформа су балансын жүргізуге, суды пайдалануды талдауға, су қоймаларының жағдайын қадағалауға және трансшекаралық өзендер бойынша ақпаратпен жұмыс істеуге, соның ішінде ғарыштық мониторингке мүмкіндік береді.
Цифрландырудың келесі бағыты фермерлермен өзара әрекеттесу болады. «Қазсушар» РМК-да өтініш беру, шарттар жасасу, шоттар шығару, актілер қалыптастыру және төлемдерді бақылау электронды түрге ауыстырылады. Бұл қағазбастылықты азайтып, есептеулер мен су беру процесінің ашықтығын арттырады.
Қатар су тұтынуды ерте болжау жүйесі дамытылуда. Ол фермерлердің, өнеркәсіптік және коммуналдық тұтынушылардың суды қажет ету көлемін, мерзімін және бағыттарын алдын ала анықтауға көмектеседі. Мұндай ақпарат суды беру жоспарын дәлірек құруға және ресурстарды тиімсіз пайдалану тәуекелдерін төмендетуге мүмкіндік береді.