Рудный қаласының прокуратурасы «Рудненские тепловые сети» ЖШС-нің тарифтерді қалай қалыптастыратынын тексерді. Компания тарифтік сметаның жекелеген баптарын 150 млн теңгеден астам сомаға орындамағаны анықталды.
Тексеру нәтижесінде Қостанай облысы табиғи монополияларды реттеу комитеті департаменті тарифті қайта есептеді. 1 маусымнан бастап Рудный қаласы мен Қашар кентінің 100 мың тұрғыны мен 997 ұйымы үшін уақытша өтеуші тариф енгізілді.
Рудныйда тариф ҚҚС-сыз 1 Гкал үшін 177,96 теңгеге төмендетілді — төмендеу 1,73 % құрады. Қашарда төлем ҚҚС-сыз 1 Гкал үшін 763,04 теңгеге, немесе 6 %-ға төмендеді.
Тарифті қалыптастыру кезіндегі бұзушылықтар үшін кәсіпорынға 3,4 млн теңге айыппұл салынды. Соманы толық төлеп қойды.