Болат Акчулаков 1971 жылғы 9 сәуірде Атырауда дүниеге келген. Ол 1993 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «экономист» мамандығы бойынша бітірген, сондай-ақ 1998 жылы Алматы мұнай-газ өнеркәсібі білім беру орталығын аяқтаған.
Әр жылдары Акчулаков мұнай-газ саласы мен мемлекеттік органдарда басшылық қызметтер атқарған. Олардың қатарында Alem Bank Kazakhstan, Орталық Азия ынтымақтастық және даму банкі, «Қазақойл» ҰМК, «ҚазМұнайГаз», энергетика және минералдық ресурстар министрлігі, «Самұрық-Қазына», «PSA» ЖШС, KAZENERGY қауымдастығы және басқа құрылымдардағы лауазымдар бар.
2023 жылғы сәуірден 2025 жылғы ақпанға дейін ол Қазақстан Президентінің кеңесшісі болып жұмыс істеген. 2025 жылғы 13 ақпаннан бастап «KAZENERGY» қауымдастығын басқарады.