Есет Байкен 1986 жылы Қарағанды облысының Нұра ауданы Баршино ауылында дүниеге келген. 2008 жылы Қазақ гуманитарлық-құқықтық университетін, 2010 жылы Бөкетов атындағы ҚарМУ-ді бітірген. Оның экономика және құқықтану мамандықтары бойынша екі бакалавр дәрежесі бар.
Мансап
Байкен еңбек жолын 2008 жылы Астана қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасында бастаған. Жұмыс істеген жылдары ол бас маман, елорда әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің басшысы, сарапшы және Президент Әкімшілігіндегі мемлекеттік инспектор қызметтерін атқарған.
2019 жылы Қарағанды облысы Нұра ауданының әкімі болып қысқа уақыт жұмыс істеген, содан кейін елордаға оралған. 2022 жылдың ақпан айынан бастап Байкен Астана әкімінің орынбасары қызметін атқарған.
Бұрынғы әкім
Бұған дейін Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков қызметінен босатылған.