Анықталған фактілер бойынша соттар әкімшілік жазалар тағайындады. Айыппұлдардың жалпы сомасы 213 млн теңгеден асты.
Құқық қорғау органдары жезөкшелікпен айналысу, сексуалдық қызмет көрсету және сутенёрлік үшін үй-жай беру жағдайларын тоқтатуды жалғастыруда. Сонымен қатар адам саудасына байланысты қылмыстардың алдын алу жұмыстары жүргізіліп, мемлекеттік органдармен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық нығайтылуда.
Бұған дейін сот «КыздарНет» сайтының ұйымдастырушыларына жезөкшелікті ұйымдастыруға көмектескені үшін үкім шығарған.