Алаяқтар жаяу жүргіншілерден шұғыл қоңырау шалу үшін ұялы телефонды жиі сұрайды. Қысқа уақыт ішінде олар банк қосымшалары арқылы ақша аударуға немесе қашықтан қол жеткізу бағдарламаларын — HopToDesk, RustDesk, RuDesktop, AnyDesk немесе TeamViewer орнатуға үлгереді.
Бұл бағдарламалар құрылғыны қашықтан басқаруға, SMS-кодтарға, қосымшаларға және мемлекеттік сервистерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Бөлек схема биометриялық деректерді жинаумен байланысты. Алаяқтар жаңа бастаған фотографтар кейпінде портфолио үшін тегін фото- немесе бейне түсіруді ұсынады. Алынған материалдарды жасанды интеллект арқылы дипфейк жасау үшін немесе басқа алаяқтық хабарламаларда пайдалануы мүмкін.
Ұлттық банк бейтаныс адамдарға телефонды бермеуге және SMS-кодтарды, карта реквизиттерін және басқа жеке деректерді хабарламауға шақырады. Ұлттық банк қызметкерлері азаматтарға қоңырау шалмайды, жеке тұлғалардың шоттарын қызмет көрсетпейді және халықпен ақшалай есеп айырысуларды жүргізбейді.
Алаяқтыққа күдік туған жағдайда полицияға хабарласу ұсынылады. Кеңес алу үшін 1477 нөміріне хабарласуға болады.