Ауаға шығарындылар лимиті 4 млн 13 мың тоннаны, су объектілері мен кәрізге төгінділер лимиті — 2 млн 341 мың тоннаны құрады.
Атмосфераға шығарындылар
Ауаға ең көп ластаушы заттар Павлодар облысынан түсті — 698,1 мың тонна, лимит 989,1 мың тонна. Бұл республикалық көлемнің үштен біріне жуық.
Екінші орынды Қарағанды облысы 471 мың тоннамен (лимит 685,6 мың тонна) иеленді. Үшінші орында Ақтөбе облысы — 153,75 мың тонна (лимит 223,3 мың тонна).
Ең аз шығарынды Жетісу облысында тіркелді — 10,05 мың тонна.
Су объектілеріне төгінділер
Төгінділер көлемі бойынша Ұлытау облысы көш бастап тұр — 253 мың тонна (лимит 304,1 мың тонна). Одан кейін Қарағанды облысы — 161 мың тонна (лимит 317,1 мың тонна) және Қостанай облысы — 114,5 мың тонна (лимит 449 мың тонна).
Алматыда су объектілеріне немесе кәрізге төгінділер тіркелген жоқ.
Бұған дейін Алматы облысында экологиялық нормаларды бұзушылар тоғыз миллиард теңге айыппұл төледі.