Кафені жалға алушы, автогаз құю станциясының директоры және газ жеткізуші адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Олардың әрекеттері Қазақстан Қылмыстық кодексінің 292-бабының 3-бөлігі және 306-бабының 3-бөлігі бойынша сараланды.
Прокурорлар қауіпсіздік талаптарын бұзу мен ауыр зардаптар арасындағы тікелей байланысты анықтады. Іс бойынша түпкілікті шешімді сот қабылдайды.
Не болды
26-дан 27-ге қараған түні Щучинскідегі кафеда газ баллоны жарылып кетті. Қаза тапқандар саны 12 адамға жетті. Жарақат алған бес адам Астанаға жіберілді: төртеуі — Ұлттық шұғыл медицина үйлестіру орталығына ұшақпен, біреуі — құрлық көлігімен. Олардың бірі кейін қайтыс болды.
Тергеу барысы
Оқиға фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Кафе иесі ұсталды, 4 наурызда оны екі айға қамауға алды, кейін қамау мерзімі ұзартылды. Сотқа дейінгі тергеу аяқталды.