Үкім ҚР ҚК 345-1 бабы бойынша шығарылды. Пак жазасын қауіпсіздіктің ең төменгі деңгейдегі мекемесінде өтейді. Сонымен қатар, оған көлік жүргізу құқығынан өмір бойына айырылды.
Зардап шеккендердің бірі — қаза тапқан жолаушының әкесі — талап-арыздың ішінара қанағаттандырылуына қол жеткізді: сот оның пайдасына 10 млн теңге өндіріп алды. Прокурор 10 жылға бас бостандығынан айыруды және құқықтарынан айыруды сұраған, ал қаза тапқан қыздың әкесі 100 млн теңге өтемақы талап еткен.
ЖКО қалай болды
Апат 21 наурызға қараған түні Әл-Фараби даңғылында болды. Zeekr жүргізушісі қарсы жолаққа шығып, Mercedes-пен соқтығысты. Оқиға орнында 29 жастағы шетелдік автокөліктің жүргізушісі және 20 мен 22 жастағы екі қыз жолаушы қаза тапты.
Пактың өзі жарақат алды, ауруханаға жатқызылды, ал шыққан соң тергеу изоляторына жеткізілді. Тергеу деректері бойынша, ЖКО кезінде ол жеңіл алкогольдік мас күйінде болған.