Жаңалықтар

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің жоғарғы соттарының төрағаларын қабылдады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Әзірбайжан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстанның жоғарғы соттарының төрағаларымен кездесті.

18 маусым 2026 · 10:12·Оқу: 1 мин

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің жоғарғы соттарының төрағаларын қабылдады
Фото: TR Kazakhstan редакциясы
TR Kazakhstan редакциясыТілші·18 маусым 2026

Қасым-Жомарт Тоқаев Инам Керимовті, Медербек Сатыевті, Омер Керкезді, Зеки Йигитті және Алишер Усмановты қабылдады. Қонақтар Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің жоғарғы соттарының екінші конференциясына қатысу үшін Қазақстанға келді.

Мемлекет басшысы Түркі мемлекеттері ұйымының түркі елдері арасындағы ынтымақтастықты дамытудағы ерекше рөлін атап өтті. Президент бүгінде көптеген мемлекеттер қарқынды даму жолымен жүріп, уақыт сын-қатерлеріне, соның ішінде жаһандық технологиялық өзгерістерге жауап беруге ұмтылып жатқанын баса айтты.

2026 жылғы 15 мамырда Түркістанда Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер басшылары кеңесінің бейресми саммиті өтті.

Пікірлер