Президент бір жыл бұрын әскери жоғары оқу орындарының үздік түлектеріне лейтенанттың орнына аға лейтенант атағын беру ұсынысын еске салды. Бүгін бұл тапсырма алғаш рет орындалды.
Тоқаев жаңа атақ – бұл сенім мен жауапкершілік екенін атап өтті. Ол Сағадат Нұрмағамбетовтің атақты алуға қарағанда, оны кию қиынырақ деген сөзін келтірді және офицердің абыройы погонмен емес, қызметпен өлшенеді деп қосты.
Мемлекет басшысы жастар әскерилерді үлгі тұтатынын атап өтті. Ол түлектердің ата-аналарына патриоттар тәрбиелегені үшін алғыс айтты және жас офицерлерге қызметте табыс тіледі.
Аға лейтенант атағын С. Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері әскери институтының, ҚНБ Академиясының, ҚНБ Шекара академиясының, Б. Бейсенов атындағы Қарағанды ІІМ академиясының, Ұлттық гвардия академиясының және М. Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғаныс академиясының үздік түлектері алды.