Тексеру осы учаскелерде орналасқан жылжымайтын мүлік объектілеріне кадастрлық паспорттарды рәсімдеу кезіндегі бұзушылықтарды анықтады. Департамент 17 учаске бойынша құжаттарды жою туралы нұсқама берді, алайда талаптар орындалмады.
Мекеме сотқа жүгінді. Сот талаптарды толық қанағаттандырды, және шешім заңды күшіне енгеннен кейін барлық 17 учаске мемлекет меншігіне қайтарылды.
Бұған дейін Алматының Түрксіб ауданындағы сегіз жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылған болатын.