Серіктестік экологиялық және жер заңнамасы талаптарын сақтамай жұмыстарды ұйымдастырды. Уәкілетті орган әкімшілік хаттама жасап, материалдарды сотқа жіберді.
Бірінші инстанция соты ең төменгі жазаға шектелді. Прокуратура шешімге наразылық білдіріп, апелляциялық инстанция кінәлінің әрекеттерін ҚР ӘҚБтК 139-бабының 2-бөлігі бойынша қайта саралады.
Нәтижесінде бұзушыға айыппұл салынды және өндірілген ресурстарды тасымалдау үшін пайдаланылған жүк көлігі мемлекет кірісіне тәркіленді.
Жетісу облысының прокуратурасы рейдтерді және аймақтың табиғи ресурстарын қорғау шараларын жалғастырады.