Көшбасшылар бестігіне Жамбыл облысы 37%-бен, Шымкент 36%-бен, Қызылорда облысы 34%-бен және Алматы облысы 31%-бен кірді.
Ең төмен көрсеткіштер Ақмола облысында — 10%, Алматыда — 14% және Ақтөбе облысында — 19% тіркелді.
Елде пластикті қайта өңдейтін 50-ден астам кәсіпорын, шыныны қайта өңдейтін 9 кәсіпорын, макулатура мен картонды қайта өңдейтін 40-тан астам кәсіпорын, сондай-ақ қалдықтарды сұрыптайтын 24 кәсіпорын жұмыс істейді.
Қазақстандықтар EcoQolday жүйесі арқылы қалдықтарды тапсырғаны үшін 3,5 млрд теңгеге жуық қаражат алды. Іске қосылған сәттен бастап оның арқылы 131 мың тоннадан астам қайта өңделетін шикізат жіберілді.
2026 жылдың бірінші жартыжылдығында елде 2,1 млн тоннадан астам тұрмыстық қатты қалдықтар пайда болды. Оларды қайта өңдеу және утилизациялау үлесі өткен жылғы 24%-бен салыстырғанда 27,7%-ға дейін өсті.