Ведомство мәліметтері бойынша, аттестаттаудың екінші кезеңінен 3684 адам өтті. 3540 түлек біліктілігін сәтті растады — жалпы санның 96,5 пайызы.
Шекті балл жинай алмаған 134 қатысушы, немесе 3,5 пайыз. Емтиханның орташа нәтижесі 80,7 баллды құрады.
Тексеру көрсеткендей, өткізу рәсімі, тапсырмалардың мазмұны және бағалау жүйесі заңнама талаптарына сәйкес келген. Мемлекеттік тілдегі тапсырмалардың сапасына қатысты шағымдар да расталмады: материалдар тәуелсіз сараптамадан өтті, сөзбе-сөз аударма фактілері анықталмады.
Ақпараттық жүйені талдау көрсеткендей, тапсыра алмағандардың көпшілігі емтиханға бөлінген 90 минуттың бәрін пайдаланбаған. Қатысушылардың едәуір бөлігі жұмысты әлдеқайда ертерек аяқтап, жауаптарды тексеруге қайта оралмаған.
Барлық апелляцияларды Республикалық апелляциялық комиссия қарайды. Түлектер қорытынды аттестаттаудан қайта өтуге алты айдан кейін мүмкіндік алады.