Оның сөзінше, әйелдер жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамының 66%-ын және ғылыми ұйымдар қызметкерлерінің 55%-дан астамын құрайды.
Көбенова әйелдер барлық ғылыми салаларда — педагогика мен әлеуметтік ғылымдардан бастап инженерия, IT және медицинаға дейін жұмыс істейтінін атап өтті. Зерттеуші әйелдердің көпшілігі жаратылыстану ғылымдарында — 4 мыңнан астам адам. Инженерлік әзірлемелер мен технологияларда 3 мыңнан астам әйел жұмыс істейді.
Студент қыздардың үлесі
2025 жылдың қорытындысы бойынша қыздар жоғары оқу орындарына түскендердің 55%-дан астамын құрады. Магистратурада олардың үлесі 59%-ға, докторантурада — 65%-ға жетеді.
Педагогикалық бағыттарда 67% қыздар оқиды, медицинада — 60%, математика мен статистикада — 71%, техникалық мамандықтарда — 59%. Ауыл шаруашылығы мен ветеринарияда әйел-студенттердің үлесі 49%-ды құрайды.
Жас зерттеуші әйелдерді қолдау
Мемлекет жас әйел-ғалымдарға гранттық қаржыландыру, ғылыми тағылымдамалар және АҚШ университеттерін қоса алғанда, шетелдік жоғары оқу орындарында оқу мүмкіндігін ұсынады.