Күндізгі сессияда Асылхан Кошербай 65 кг-ға дейінгі салмақ санатында Бутан өкілі Дечен Дорджимен кездесті. Қазақстандық спортшы 5:0 есебімен жеңіп, ширек финалға шықты.
Кешкі сессияда Нурасыл Төлебек 60 кг-ға дейінгі санатта тәжікстандық спортшы Дамир Мубалихоновқа қарсы бокс жасады. Судьялардың шешімімен қазақстандық 4:1 есебімен жеңіп, ширек финалға жолдама алды.