Тимур Тайбеков 80 кг-ға дейінгі салмақта үнді боксшысы Локешті төрешілердің 3:1 дауысымен жеңді.
Руслан Ахметов 85 кг-ға дейінгі салмақта қырғызстандық Нұралы Абдрашитовты сенімді түрде 5:0 есебімен жеңді.
Жалғас Өтебеков 90 кг-ға дейінгі салмақта тайбэйлік боксшы Жуи-Хси Куоны 90-секундта нокаутпен жеңді.
Владислав Саможонов суперауыр салмақта үнді Ловен Гулипті басымдықпен жеңіп, қарсыласының жарақаты салдарынан екінші раундта мерзімінен бұрын жеңіске жетті.
Хамза Мақсатұлы 75 кг-ға дейінгі салмақта өзбекстандық Сухроб Рахматуллаевқа жеңіліп, өнерін аяқтады.
Жастар арасындағы Азия бокс чемпионаты Джакартада 3-16 шілде аралығында өтеді. Қазақстанды 39 спортшы қорғайды.