ATP рейтингі бойынша 97-орында тұрған №1 сеяный Шевченко жартылай финалда украиналық Виталий Сачкомен (215-орын) кездесті. Матч қазақстандықтың пайдасына 6:4, 6:3 есебімен аяқталды.
Ойын бір сағат 37 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Шевченко бес эйс орындап, он төрттен төрт брейк-пойнтты іске асырды.
Финалда Шевченко итальяндық Федерико Чина — жапондық Дэниель Таро жұбының жеңімпазымен ойнайды.
Бұған дейін Александр Бублик Штутгарттағы ATP 250 турнирінің жартылай финалынан шығып қалған.